«Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйі салтанатты түрде ашылды

1506

Көпшілік көз тіккен бес жұлдызды «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйі салтанатты түрде ашылды. Бұл кешке 400-ден аса қонақ арнайы шақырылған. Шетелдік әртістер мерекелік кештің ажарын аша түсті.

риксос

Құрметті қонақтарды күтіп алу қарсаңында даяшылар да қобалжулы. Кеш ойдағыдай өтуі тиіс. Ал фойеде неміс әртістері қызу дайындық үстінде. Олар кеш қонақтарын муызкалық және ғажайып шоу бағдарламамен таң қалдырмақ.

«Қазақазия» мейремаханасы бас аспазының көңілі алай-дүлей. Түрік шебері Италиа, Азия тағамдарын ұсынып, қонақтардың ыстық ықыласын жаулап алмақ.

«Риксос Хадиша Шымкент» бес жұлдызды қонақ үйі қонақжайлықтың үздік үлгісімен танылмақ. Мұндағы 177 номер модерн үлгісінде жабдықталған. Ал президенттік люкс бөлмесі еліміздегі бес жұлдызды қонақ үйлердегіден кеңдігімен ерекшеленеді. Бөлменің жалпы ауданы 450 шаршы метрді алып жатыр.

Қонақ үйде фитнес зал, хауыз, саунасы бар СПА орталық жұмыс істейді. Онымен қоса массаж кабинеті де қызметке әзір. Жуырда мұнда ақшақар бөлмесі де бой көтермек.

Бүгінде қонақ үйде 260 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің көпшілігі – жергілікті тұрғындар. Олар әлі күнге қонақ үй қабырғасында сапалы қызмет көрсетудің үздік үлгісін меңгеру үшін арнайы білім алуда. Қызметкерлерге шетелдік мамандар дәріс өтеді.

Қона үйдің салтанатты ашылуына жүздеген қонақ жиналды. Шенеуніктер, депутаттар, дін қызметкерлері, тіпті шетелдік іскерлер де осында. Қонақтардың жанды дауыста әуезді ән тыңдап, он саусағынан бал тамған шеберелер ұсынған астан дәм татып дәм татуда. Дәмі тіл үйірер түрлі тағамдар мен тәттілер де ешкімді бей-жай қалдырмасы сөзсіз.

Қонақтар алдында неміс әртістері өнер көрсетті. Бірі электрлі скрипкамен таңқалдырса, енді бірі гимнастика өнерінің тың туындыларын сахналамақ. Кеш банкет залында қыза түседі. Онда Ресейдің және өзге де шетелдік әртістер өнер көрсетпек. Дегенмен, керемет кештің есігі тілшілер үшін жабық болды.