Шымкентте мерекелік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

330

Бүгін қала тұрғындары үшін мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті өндіруші кәсіпорындарының өнімдері арзандатылған бағада сатылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік тауарлар көптеп әкелінді. Арзандатылған азық-түлік пен көкөніс өнімдерін алушылардың қатары да қалың болды.

Еркін Балабеков, сатушы: «Біріншіден, баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Екіншіден, бүгінгі мерекелік жәрмеңкені ұйымдастырғандарға рахмет. Халықтың көңілі көтеріңкі, арзан бағадағы картоп, сәбіз, пияз, құмшекерді көптеп алуда. Әдеттегі жәрмеңкелерден артықшылығы да сол, мұнда бәрі арзан».

Атамекен корпорациясының ұны, Орбасы құстың шұжықтары, ауылшаруашылығын өндірушілердің өнімдері алушылардың көңілінен шықты.

Айта кету керек, жәрмеңкеге жиналғандардың басым бөлігі әлеуметтік тауарларды көптеп алып жатты.Мерекелік азық-түлік жәрмеңкесі ертең де жалғасатын болады.