Сыннан қорытынды шықты. Осыған дейін «Самал-3» шағынауданы тұрғындарының үйлерін су басып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Мұнда Қошқар ата өзенінің суы тасыған. Өзен жағалауына жақын аумақта орналасқан тұрғындардың күл-қоқыс пен тқрмыстық қалдықтарды өзен арнасына тастау салдарынан су тасып, сол маңдағы үйлерге қауіп төндірген еді.
Редакциямызға бүгінгі таңда шағынаудандағы Қошар ата өзенінің жағалауы тазаланып, орын алған кемшіліктер толығымен жойылғанын жеткізген жауап келді. Қала әкімінің орынбасары Бейсен Жанбосыновтың айтуынша, шағым негізінде бірнеше жұмыстар атқарылған.
Сондай-ақ, «Ынтымақ», «Тұрлан», «Достық», және «Самал-3» шағынаудандарына қатынайтын № 38, № 91, № 121, № 17 «Б» және № 9 бағыттық қоғамдық көліктердің қызметін ретке келтіру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көлік компанияларының басшыларына ескерту беріліпті. Сонымен бірге шағын автобустарды сыйымдылығы үлкен автобустарға ауыстыру жөнінде ұсыныс жасалған.