Төлем терминалдарын тонағандар ұсталды

307
Фото newbur.ru сайтынан алынды

Шымкентте полиция қызметкерлері төлемақы терминалынан ақша ұрлаған екі жігітті қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото newbur.ru сайтынан алынды
Фото newbur.ru сайтынан алынды

2014 жылдың қазан айында Шымкент қаласындағы Әл Фараби полиция бөліміне төлемақы терминалдарының иесі арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреулердің түн ішінде Қабанбай батыр көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде орналасқан төлемақы терминалдарын бұзып, ішінен жарты миллионға жуық теңгені ұрлап кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшыларының жедел іздестірунің нәтижесінде 27 және 23 жастағы екі күдікті ұсталды. Төлеби ауданы және Шымкент қаласының тұрғындары бұған дейін сотты болып үлгерген екен.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің соңғы жарты жылда осы тектес 20-ға жуық қылмыстарды істегендерін анықтады. Жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгеден асып отыр.

Күдіктілер өздерінің құйтырқы әрекеттерін бір жүйеде істеп отырған. Олар түнгі уақытта дүкендерге кіріп, темірмен төлемақы терминалдарын бұзып, ішінен ақшаларды ұрлап, іздерін суытып жүрген. Полицейлер күдіктілерден айғақ зат ретінде қылмыстарын жүзеге асырған темірді тәркіледі.

Аталған жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 175-бабы — ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.