Қазақ хандығының қалалары

 

Қазақ хандығы салтанат құрған тұстағы тарихи қалалар туралы не білеміз? Олар қалай аталды? Экономикалық дамуы қалай жүрді? Осы сауалдарға жауап іздесеңіз, біздің газеттен көз жазып қалмаңыз, оқырман!

06-028

Сарайшық. (e-history.kz)
Сарайшық. (e-history.kz)

Сарайшық – XI ғасырларда іргесі қаланған ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Алтын орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны.

Янгикент. (www.uniquekazakhstan.info)
Янгикент. (www.uniquekazakhstan.info)

Янгикент – ортағасырдағы қала. Қызылорда облысы Қазалының оңтүстік-батысында 22 км жерде орналасқан. Араб жазбаларында ал-Карьятал-Хадиса делінсе, парсылар оны Дих-и Нау атаған. ІX-XI ғасыларда Янгикент Оғыз мемлекетінің астанасы болған. XІV ғасырдың теңгелеріне қарағанда, Янгикент Шаһркент деп аталды.

Сығанақ. (anatili.kz)
Сығанақ. (anatili.kz)

Сығанақ – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн және т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған.

(Жалғасы бар)

«Оңтүстік Рабат», №6, 11.02.2015