Кентауда кәсіпкерлердің несиелеріне қатысты заңсыздықтар анықталды

271

Мемлекеттен кәсіперлікті дамыту мақсатында шағын несие алған кентаулық азаматтың заңсыз ісі анықталды. Ол мемлекеттен 3 млн. теңге несие алып, қаражатты тиісті мақсатта игермеген.

004

Бұл туралы баспасөз конференциясында Кентау қаласы пророкурорының көмекшісі Бахрам Атаметов мәлім етті. Тексеру нәтижесінде заңсыз түрде несие алған азамат қаржыны тойға жұмсағаны анықталды. Қазір Кентау қаласында мемлекеттің қаржысын тиісті мақсатта игермеген осы сынды 12 азаматтың үстінен тексеру жүргізілуде.