Түркістан қаласында «Бір шаңырақ астында» кеңесі өтті

233
"Бір шаңырақ астында "

«Бір шаңырақ астында.» Киелі Түркістан жерінде осындай тақырыпта ҚР Мәжілісінің бірқатар депуаттары және Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері қатысқан кеңес өтті. Жиында көпұлтты зайырлы мемлекеттің бүгіні мен келешегі кеңінен сөз болды.

Ел ағалары Асссамблеяның әрбір мүшесіне жасалған жағдай мен олардың құқығын айналып өтпеді. Шарада 20 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылатын алдағы ауқымы кең іс-шаралар да талқыға түсті. Белсенді топ Астана қаласында «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 140-ға жуық өзге ұлт өкілдері шоғырланған. Отандастастарымыз үшін мектептер мен түрлі үйірме-орталықтар белсенді қызмет етіп келеді.

"Бір шаңырақ астында "

Ергөбек Құлбек, филология ғылымдарының кандитаты, профессор: «Біздің Ассамблея бір емес, қаншама ұлттың татулығын нығайтып, бір атаның баласындай өмір сүруіне жағдай жасады. Сондықтан, артылған жүкке жауапкершілікпен қарау әрбір этнос өкілінің міндеті екенін ұмытпайық».