Бүгін таңертең Ақназархан көшесінде бірден 5 көлік ойылған шұңқырға түсіп кетті. Осы шұқырға №84 бағыттағы автобус та құлап, бүлінді. Қоғамдық көлікте жолаушылар да болған. Құдай сақтап, ешбірі зардап шекпеді.
Алайда барлығы коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің шала жұмыстарына наразы. Ал көлікке материалдық шығын келді. Автобус шұқырдан бірден шығарылды, алайда ауыр және жеңіл көліктердің талайы түсіп кетіп жатты. Тұрғындардың айтуынша, жолды су мамандары қазған, бірақ жұмыс аяқсыз қалыпты. Көліктерін зақымдап, ашуға булыққан жүргізушілер жауаптылардың үстінен сотқа шағымданамыз деп отыр.
[youtube]http://youtu.be/1K1fywdT0CA[/youtube]