Шымкентте циркте түйе боталап, пони құлындады

825

Шымкентте гастрольде жүрген циркі ұжымының түйесі боталап, пониі құлындады. Астаналық цирк мамандары мұны жақсы ырымға балап отыр. Мамандар түйе мен ботаның жағдайы қалыпты дейді. Алғашында түйенің жүктілігіне күмәнмен қараған олар ботаның Оңтүстікте туылуын жақсылыққа балап отыр.

Әйгерім Тілегенова, Астана циркінің әртісі: «Біз түйенің боталауынан үмітімізді үзген болатынбыз. «Жалған жүктілік болған ғой» деп жүрдік. Оңтүстіктің топырағына келіп, бұл жердің киелі болғанғы шығар, түйеміз 13 наурыз күні түңгі сағат 12 шамасында боталады. Ботаның атын Сәуле деп қойдық.»

DSC_0002

Кеше ғана төлдеген жануарлар «еркелеп жатпай», сценарийге сәйкес бiрден өнер көрсетiп жатыр. Бұл ретте аң үйретушiлердiң еңбегi орасан. Осылайша «Оңтүстік циркте» басталған «Таңғажайып керуен» қойылымы 29 наурызға дейін жалғасады деп отыр.

DSC_0004