«Оңтүстік Цирк» әртістері «Азия жаңғырығынан» олжалы оралды

320
Жерлестеріміз жеңіспен оралды

Елордамызда өткен халықаралық байқаудан жеңіспен оралған жерлестеріміз баспасөз-мәслихатын өткізді. Анығырақ айтсақ, Астана қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің дәстүрлі V халықараралық фестивалі өтті. Әлемнің түкпір-түкірінен келіп арнайы қатысқан тәжірибелі өнерпаздар халықаралық байқаудың мәртебесін көтерді. Айта өтейік, бұл бәсекелі байқауда ең жас цирк – “Оңтүстік Цирк” мемлекеттетік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртістері де белсене атсалысты. Бауыржан Бақберген, Бағлан Ережепов, Махмуд Ахмедов және Нилуфар Халықбердиева “Факир” нөмірімен қатысып, 3-орынды қанжығасына байлап келді. Қазылар алқасының айтуынша, өнерпаздардың бағдарламасы ұлттық нақышпен ерекшеленіпті. Ал “Оңтүстік Цирктің” өнерпаздары бұл жеңісімізді облысымыздың 80 жылдығына арнаймыз деп кесіп айтты.

Бауыржан Бекберген халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысуды жоспарлап отыр

Бауыржан Бақберген, цирк әртісі: “Жалпы фестиваль әділ өтті. Қола жүлдені иемденсек те біз өз талантымызды таныта алдық деп ойлаймын. Айта өтейін, аз уақыттың ішінде дайындалу да бізге оңайға түспегені анық. Қобалжу да болды, себебі қалай болар екен, қарсыластарымыз қандай болады деген сауалдар көкейімізде сайрап жатты, әрине. Қалай болғанда да халықаралық байқаудың жөні бөлек екен. Біздің орын алып, биіктен көрінуімзге бірден-бір себепкер болған ол біздің көрсеткен нөміріміздің сәтті шығуы. Қазақтың менталитеті мен ұлттық нақыштағы өнерімізді көпшілікке жеткізе алдық. Сол себепті, біздің өнеріміз бағаланды. Біздың ұжым біраузыдан бұл жеңісімізді Оңтүстік қазақстан облысының ”.

Осылайша, өнерпаздарымыз “Оңтүстік – өнер ордасы” екенін тағы да дәлелдеп қайтты. Сондай-ақ Астана циркінің бас директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Е.Жолжақсынов бастаған фестивальдің қазылар алқасының мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовке алғыс хат жіберіпті.

Сұлтан Сраилов, “Оңтүстік Цирк” мемлекеттетік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры: “Біздің кәсіпорынымыздың жас екеніне қарамай, жолдама берулеріне өтініш жасағанымызда бетімізді қақпай, сенім артқан облыс әкіміне алғысымды білдіремін. Цирк әртістері де шеберлік танытып, өз өнерлерін көпшілік алдында ортаға салды. Әрине, қазақтың ұлттық нақышын шебер сомдап, Оңтүстіктің намысын, жалпы Халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қолдан жібермеді. Мен бұл әртістерді мойындаймын. Алдағы уақытта жемісті, жеңісті күндер көп болғай”.

Міне, тәй-тәй басқан “Оңтүстік Цирк” мемлекеттетік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстікте цирк өнерін одан әрі дамыту мақсатында осы жылға бірнеше жоспарлар құрып отыр. Соның ішіндегі ең маңыздысы – Оңтүстікте, қазан айының соңғы күндерінде цирктің барлық жанры бойынша халықаралық фестиваль өткізу. Сондай-ақ бұл фестиваль Оңтүстіктің 80 жылына арналады деп жоспарлануда. Цирк ұжымы бұл тарихи оқиғаға дайындықты бастап кетті. Ата өтейік, бұл цирктің әртістері осы жылы халықаралық “Шабыт” фестивалінде қатысатын болады.