Úı Jańalyqtar Қарағандыға 9,5 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Қарағандыға 9,5 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Қарағандыға көмек! Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем ету жалғасуда. Бүгін облыстан орталық өңірге 9,5 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жергілікті қамқор жандардан азық-түлік, киім кешек, тұрмысқа қажетті заттар молынан жиналыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3NR1CTfPUTo[/youtube]

Қайырымдылық керуені Достық үйіндегі қабылдау нүктесіне аялдады. Мұнда ерлер мен әйелдер және балалар киім-кешегі рет-ретімен оралған. Жанашыр азаматтар азық-түліктің де түрін-түрін үйіп тастапты. Ұн -нан өнімдері, тіпті, консервіленген ет те бар. Күнгейде өсірілген картоп та қарағандылықтарға жіберіледі. Тоғыз тоннадан астам жүктің жиналуына облыс жұртшылығы бір кісідей атсалысып отыр.

Бұл — облыстан жөнелтілген алғашқы керуен. Ұйымдастырушылар қорға жиналған киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдарды сұрыптап, тек жаңасын әрі сапалысын ғана буып-түйіп, жүк көлігіне арттық дейді.