Абай аудандық әділет басқармасының басшысы парамен ұсталды

296
Фото: //yvimg.kz

Шымкенттегі Абай аудандық әділет басқармасының басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы облыстық соттың өкілдері хабарлайды. Әділет маманы өзінің қызмет өкілетін пайдаланып, қала тұрғынының жылжымайтын мүлкін рәсімдеп беруде көрсететін қызметі үшін 20 мың теңге сұраған. Сөйтіп, 2 сәуір күні тәртіп сақшыларының құрығына ілінеді.

9 сәуір күні қорғаушысы пара үшін ұсталған әділет маманын үй қамауына жіберу туралы өтініш жасағанымен, ол орындалмады. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы адвокаттың шағымын қарап, күдіктіні 2 ай қамауда ұстау жөніндегі Абай аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

[youtube]https://youtu.be/dMzqqLvuo14[/youtube]