Аспаздардың «Ашық есік күні»

784
Әлімбек Еркінбеков

Қоғам сұранысына ие мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасу – кез келген жастың мақсаты. Биылғы оқу бітіруші түлектер №6 колледж ұжымы ұйымдастырған ашық есік күніне қатысты. Тың мамандықтармен танысты. Болашақ аспаздар шеберлік сабақтарын ұсынып, мамандықтарының қыр-сырымен таныстырды.

"Шеберлер қаласы" шарасы
«Шеберлер қаласы» шарасы
..."Ашық есікке" ағылған мектеп оқушылары көп
«Ашық есікке» ағылған мектеп оқушылары көп
Әлімбек Еркінбеков
Әлімбек Еркінбеков

Әлімбек Еркінбеков – болашақ аспаз. №6 кәсіптік колледждің студенті мектеп оқушылары алдында тосылған жоқ, шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Әдеттегідей тамақ әзірлеу емес, дастархандағы асты безендіру жолын ұсынды.

Әлімбектің қолынан шыққан көкөніс тағамдары
Әлімбектің қолынан шыққан көкөніс тағамдары

IMG_9329

Әлімбек Еркінбеков, № 6 кәсіптік колледждің студенті: » Қазір мен көкөністерден жасалып, дастарханға қойылатын салаттар мен тағамдарды түрлі безендірілуін жасап жатырмын. Әрине, көзге қиын болып көрінеді. Бірақ мұны әзірлеу онша қиын емес, 5-10 минут қана уақытымызды алады. Түрлі жемістер мен көкөністерді турап қана дастарханға ұсыну – әдемі көрінбейді ғой, оны түрлі пішінге салып, суреттеу арқылы меймандардың да көңілін серпілтіп тастауға болады. Қазір аспаз мамандығын меңгеріп жүрмін, себебі әйел адамдарынан гөрі ер-азаматтар дайындаған тағамы анағұрлым дәмдірек болады деп есептеймін. Сондықтан, болашақта мейрамханалардың біріне шеф-аспаз болып қызметке орналассам деймін.

оның қасына өзге де тәтті тоқаштар қойылды
Студенттер әзірлеген «Момақан қой» тәттілері

Осылайша Шымкенттегі №6 кәсіптік-арнаулы оқу орнының студенттері ашық есік күні аспаздық өнердің түрлі тәсілдері мен құпиясымен бөлісті. Тіл үйірер тағам әзірлеуге қызыққан мектеп шәкірттері де көп.

Меруерт Бекназарова, №40 мектептің оқушысы: «Мен тамақ пен түрлі тәттілер дайындағанды жақсы көремін. Үйде де анамман бірге дәмді тағамдарды пісіреміз. Қолым қалт ете қалса болды, асханадан табыламын. Сондықтан болашақта осы оқу орнына түсуді жоспарлап қойдым. Менің таңдауымды ата-анам да құптап отыр. Алдағы уақытта Шымкент қаласынан үлкен «Меруерт» атты мейрамхана ашамын. Онда тұрғындар келіп, дәмді тағамдарды тұтынатын болады. Бұл – менің басты арманым».

Студенттер қағаз орамалдарды да сәндеп қоюдың жолдарын көрсетті
Студенттер қағаз орамалдарды да сәндеп қоюдың жолдарын көрсетті

IMG_9317

«Шеберлер қаласы» деп аталған шараға келушілер сейілген жоқ. Мұнда дәмді тағам дайындайтын шебер-аспаздық қана емес, азық-түлік тауарларының сатушысы, карамелші-бисквитші, нан пісіру және макарон өндірісі сияқты салалар бар. Оқу орны биылғы талапкерлер үшін жаңа мамандықпен толықпақ.

болашақ аспаздарды қаумалаған жастар...

Гүлби Әшірова, №6 кәсіптік колледж директорының орынбасары: «Бізде қазіргі уақытта қонақ үй қызметі саласы бойынша жаңа мамандықты ашу жоспарлануда. Биыл осы бір мамандыққа сұраныс көптеп түсуіне байланысты жаңа оқу жылында талапкерлер қабылдап, студенттерге білім береміз».

Қазіргі таңда оқу орнында 600-ге тарта студент білім алады. Колледж ұжымының сөзіне сенсек, бүгінде тамақ өнеркәсібі мамандығына түсушілердің қатары күн санап артып келеді. Бұл – олардың қызығушылығы ғана емес, қоғам қажеттілігін сезінуі екені анық.