ОҚО-да тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңге инвестиция тартылды

311
ОҚО-да тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңге инвестиция тартылды

Оңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі дейді жауаптылар.

ОҚО-да тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңге инвестиция тартылды

Мысалы, инвестиция тартылған жобалардың бірі – Қазығұрт ауданындағы «Lotus Food Company LLC» тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн теңге инвестиция салынған. Сонымен қатар 1 млрд 900 млн теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия көш бастап тұр. Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.