Кәсіпкерлер палатасы колледждерді бақылауға алды

292

Кәсіпкерлер палатасы колледждер рейтингісін жариялады. Тың жобаның тұсауын кескен палата мүшелері осылайша орта білім алатын жастардың біліктілігін арттыруға, тұрақты жұмыспен қамтуға атсалыспақ.

Бұл рейтинг күн сайын жаңарып тұрады және қатаң бағаланады. Ең алдымен өңірдегі колледждердегі білім беру деңгейі мен базасы бағаланады.

Кәсіпкерлер осылайша талапкерлерге жол сілтеп, орта оқу орнын таңдауға қателеспеуге үйретпек. Нәтиженің барлығы www.kasipker.info сайтында жарияланып отырады.

Айта өтейік, Оңтүстікте 92 колледж болса, соның 42-сі – мемлекеттік, ал қалған 50-і – жекенің құзырында. Дуальды оқыту бойынша 24 колледж жұмыс істейді. Ал рейтингке әзірге елу колледж қатысуда.

Мақсат Қасымбеков, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Нарық пен мемлекеттік тапсырыстың келісімге келмегені техникалық колледж түлектерінің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр. Алайда мемлекет кадрларды даярлауға тапсырыс беріп, қомақты қаржы бөліп отыр. Колледждер жұмыс берушілердің мұқтаждығына тез арада әрекет етуіне қиындық тудыратын қазіргі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жасау жүйесін кеңейтеді. Қазіргі бағдарламалар профстандартқа негізделіп жасалмайды. Енді колледждердің арасында мемлекеттік тапсырысты тиімді бөлу үшін кәсіпкерлер палатасы олардың жұмысын бағалайтын жаңа жүйесі, яғни, осы рейтингті жасап отыр».