Мақтаарал ауданында аяқ киім фабрикасы іске қосылды

301

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында аяқ киім фабрикасы іске қосылды. Күніне 3 мың жұп аяқ киім шығаратын өндіріс орнында әзірге жазғы сүйретпелер тігіліп жатыр. Өлшемдері 30 бен 44-тің аралысындағы аяқ киімдер балалар, жеткіншектерге және ересектерге арналған. «Самұрық» фабрикасының өнімдеріне қазір облыстан өзге Алматы, Астана қалаларынан сұраныс түсуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HQG4Kz2ZGSA[/youtube]

Жамиля Құдышева фабрикада жұмысшы болып істейді. Осыған дейін ауылдан екі қолға бір күрек таппаған көпбалалы ана үй шаруасында отырған. Енді жаңа өндіріс орнына жұмысқа орналасып, напақасын ажыратып отыр.

Кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдықтарды Қытайдан алдыртқан. Онымен қоса тауар өндіруші бірнеше маманды арнайы оқу курсынан жіберген. Әзірге жиырма шақты адамды жұмыспен қамтып отырған аяқ киім фабрикасының басшылары жуырда спорттық аяқ киімдерді тігуді жоспарлап отыр.