Оңтүстікте сауатты кәсіпкерлер саны артып келеді

270
Пірмахан Дүйсенов

Кәсіпкер атанудың алғашқы баспалдағы – арнайы білім алып, сертификат иемдену. Күні кеше Шымкенттегі кәсіпкерлер мектебін тағы 90 жерлесіміз тәмамдады. Түлектердің арасында жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлер де бар. Олар мұнда жаңа жүйені меңгеріп, заңнама бойынша сауатын арттыру үшін келген.

Пірмахан Дүйсенов
Пірмахан Дүйсенов сертификатқа ие болды

Пірмахан Дүйсенов те арнайы сертификатты еншіледі. Жерлесіміздің кәсіпкер атанғанына небәрі 8 айдан асқан. Бастауыш мекеме жол бойындағы белгі тақташаларын жасайы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=98UqPUc1wJ0[/youtube]

Пірмахан Дүйсенов, кәсіпкер: «Мұндағы жаттығу-сабақтарына қатысып, көптеген мәліметтер алдым. Мәселен, бухгалтерлік есептеу, салық төлемдерін төлеу, бизнес жоспарлау деген сияқты. Жасыратыны жоқ, күн сайын қоғамда жаңа заңдар енгізіліп жатыр, мұның барлығынан біз хабардар болуымыз қажет. Бүгінгі менің бастаған кәсібім – жол бойындағы белгілерді жасау. Тапсырыс та жаман емес, 2 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Олардың жалақысы айына – 80-90 мың теңге. Ал таза пайда 500 мың теңге десем болады. Алдағы уақытта осы алған білімім арқылы кәсіпорынның қызметкерлер санын арттырып, жаңа техникалық қондырығыларды сатып алсам деймін».

8013

Кәспкерлік мектебін бүгінге дейін 13 612 азамат тәмамдаған. Кіріс пен шығынды есептеп, таза пайданы таразыға салатын кәсіпкерлер мұнда шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді. Жаңа кәсіпті бастауы немесе оны жетілдіруі үшін білім алады. Мектеп басшылығының сөзіне сенсек, қазіргі уақытта тәмамдаған түлектердің көбісі мал шаруашылығымен айналысуды бастады немесе өзге де өндіріс орындарын ашуды қолға алып жатыр. Осы бағытта 640 жаңа кәсіпорын жұмысын бастаған. Жобалар жүзеге асуы үшін 2 миллиардқа жуық теңгемен қаржыландырылыпты. Бірақ бастауыш кәсіпкерлерге қолдау көрсету бастамасы тоқтаған жоқ.

Береке Дүйсебеков
Береке Дүйсебеков

Береке Дүйсебеков, облыстық кәсіпкерлік мектебінің директоры: «Біз тек білім берумен шектелмейміз, олардың әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп, бағыт береміз. Сол жобалардың арасындағы үздіктерін таңдап, оны саралап, қаржыландыруға тырысамыз. Үздіктеріне мемлекеттік гранттық конкурстарға жолдама беріледі. Егер жеңген жағдайда жоба жүзеге аспақ. Мемлекеттік қолдауға ие болуы үшін де қадағалайтын боламыз. Біздің мектеп кәсіпкерлердің бизнес бастауына жағдай жасайды.»

Кәсіпкерлік мектебі өз ісін ашып, оны дөңгелетемін деушілер үшін күн сайын қызмет етеді. Ең бастысы — мұнда оқу тегін. Қазірдің өзінде мұнда білім алуға ниет білдіргендер кезегінде де 800 -ге жуық азамат тұр.