Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабымен А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
А.К. жеке кәсіпкер бола тұра, Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы мекенжайда орналасқан құрылыс нысаны бойынша тиісті рұқсат алмастан, сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлемей, жер пайдалану немесе жеке меншік құқығын ресімдемей құрылыс жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын бұзған. А.-ның кінәсі тексеру нәтижелері туралы актімен, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының қорытындысымен, сондай-ақ фотосуреттермен дәлелденді.
Сот А.-ның әрекетінде 319-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді.
Осыған байланысты сот А.-ны 319-бабымен кінәлі деп танып, заңсыз салынған құрылысты бұзу және 129 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.







