Облыстық сотта соғысқа қатысқан судьяларға арналған даңқ тақтасы ашылды

436

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыстық сотта соғысқа қатысқан судьяларға арналған даңқ тақтасы ашылды. Судья қызметін атқарған 24 соғыс ардагерінің есімі жазылған ескерткіш тақтаның бой көтеруіне жергілікті судьялар атсалып отыр.

vlcsnap-2015-04-30-18h32m28s54

Еске алу қабырғасының салтанатты ашылуына марқұмдардың туған-туыстары да арнайы шақырылыпты. Олар қабырғаға гүл шоқтарын қойып, құрметке лайық жандарға тағзым етті. Ал бүгінгідей салтанатты жиынның куәсі болуды ұрыс даласында болған 20-ға жуық судьяның ішінде осы салада 30 жылдан астам еңбек еткен Айтжан Бекназаровқа ғана нәсіп етіпті.