Отырарда күн электр стансасының негізі қаланды

357

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі экономикалық әлеуеті жоғары өңірлердің бірі саналады. Сонымен қатар бұл өңірдің баламалы энергетиканы дамытуға да мүмкіндігі зор. Астана қаласында халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесінің ашылуына орай облыс әкімдігі тарапынан баламалы энергетика саласында тың жобаларды іске асыруды қолға алып отыр.

007

Атап айтқанда Оңтүстік өңірінде 2014 жылы 3 жобаның тұсауы кесілді. Оның екеуі қуаттылығы 2 мВт болатын күн электр стансалары болса, тағы біреуі осы тәрізді электр қуатын беретін шағын су электр стансасы болатын. Осы бағытта Оңтүстікте тағы бір орасан жобаның тұсауы кесілді.

008

Бұл жолы германиялық «Promondis Kazakhstan» компаниясы өңірімізде жалпы қуаттылығы 75 мВт болатын күн электр стансаларының құрылысын бастап отыр. Осы кешенді жоба толығымен іске асырылғанда өңірге тартылатын шетелдік инвестиция көлемі 250 млн АҚШ долларын құрамақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7MymGWHSwPc[/youtube]

Отырар ауданы Көксарай елдімекенінде жобаның алғашқы кезеңі ретінде қуаттылығы 35 мВт болатын күн электр стансасының негізі қаланды. Келешекте мұнда 35 жұмыс орны ашылмақ.

006

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев өңіріміз үшін маңызы зор кешенді жобаны іске асыруға облыс әкімдігі тарапынан жер бөлу, өндірілген энергияны электр подстансаларына жеткізу және өзге де ұйымдастырушылық жұмыстарға көмек көрсетілгенін атап өтті.

-2015-2016 жылдар аралығында облысымызда баламалы энергетика саласында жалпы қуаттылығы 290 мВт болатын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қолға алынған бастамалардың арқасында 2017 жылға қарай өңірдегі 280 мВт көлеміндегі энергия жетіспеушілігі толықтай шешілмек -деді облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі