Ұлы Жеңіс күнінде тегін телефон шаламыз

394

kazakhtelekom-logo-360x200
Бүгін, яғни 9 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесінің 70 жылдығы құрметіне «Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін. Бұдан бөлек, 9 мамыр күнін қоса алғанда ТМД елдеріне жолданатын үкіметтік, жай және шұғыл жеделхаттарға 50% жеңілдік жасалған.

Ал, 10 және 11 мамыр аралығында нөл сағаттан бастап түнгі сағат үшке дейін Қазақстан және Байқоңыр қаласы бойынша қалааралық телефон қосылуларына жеңілдік 15%. Түнгі сағат үштен таңғы сағат алтыға дейін 60% болып белгіленген. 10 және 11 мамыр күндері таңғы сағат алтыдан түн жарымға дейін жеңілдік 25 % құрайды.

Көрсетілген жеңілдіктер тек жеке тұлғалар үшін автоматты қалааралық телефон байланысы бойынша сөйлесулерді жүзеге асырған кезде жарамды болып табылады және тапсырысты телефонист арқылы қабылдаған кезде қолданылмайды.