Ақын Нұрбибі Омар – 60 жаста

799
Нұрбибі Омар

Қазақстан және Өзбекстанның жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұрбибі Омар биыл 60 жасқа толды. Мерейтой құрметіне қаламгердің «Бақыт деген – өз еліңде» атты шығармашылық кеші өтті. Облыстық жасөспірімдер кітапханасында өрбіген әдеби шараны белсенді студенттер ұйымдастырған.

 

Заманбек Мансұров, студент: «Ақынның өлеңдерін оқыған кезде ерекше бір күйге бөленемін. Өмірге деген құштарлығым арта түседі. Мектепте оқып жүргенімде Нұрбибі Омардың «Туған жерім» атты шағармасын оқыдым. Негізі ақын шетелдерге, Өзбекстанға жиі жол жүреді, туған жерін сағынады, Отанға, елге деген сүйіспеншілікті ақынның өлеңдерінен анық көре аламыз. Және Нұрбибінің шығармаларының ерекшелігі сол – көбіне елдің, халықтың жоғын жоқтап, жағдайларын жазады».

8120

Жастар кеште ақынның өлеңдерін оқыды, эссе-шығармаларын талдады. Кеш қонақтары ыстық лебіздер айтып, қаламгердің мерейін асырды. Ал бүгінге дейін 9 бірдей жыр жинақтың авторы болып үлгерген Нұрбибі Омар оқырмандары алдында әлі жазарым көп дейді.

Нұрбибі Омар
Нұрбибі Омар

Нұрбибі Омар, ақын: «Мен барлық тақырыпты қамтыдым, жазып қойдым деп айта алмаймын. Өмір, тағдыр туралы тағы бірнеше туындыларды жазғым келеді. Және ерекше, адамды толғандыратындай болса екен деймін. Әрине, бүгінгі кеште жастардың менің өлеңдерімді оқып, оны насихаттап жатқанын көріп үлкен қобалжуды сезіндім».

8118

Ақынның шығармашалығынан сыр шертер кітапкөрмесі
Ақынның шығармашалығынан сыр шертер кітапкөрмесі

Мерейтой аясында Нұрбибі Омардың кітапкөрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Оқырман қауым жандарына жұбаныш болып, көңілеріне қуаныш сыйлаған жырлардың авторына сұрақ қойып, кеш кейіпкерімен сырласты.