Киллерге тапсырыс берген адам 11 жылға сотталды

160

Шымкентте «Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясының бұрынғы қызметкері сотталды. Ол 11 жылға абақтыға жабу жазасына кесілді.

016

Айыпталушы азамат өзінің бастығы — мұнай өнімдері компаниясы бөлімдерінің жетекшісін өлтірту үшін киллер жалдамақ болыпты. Прокурорлар айыпталушыны 14 жылға соттау үкімін талап еткен.

Ал айыпталушының өзі бұл үкіммен келіспейді және сот шешіміне қарсы шағым жасаймын деп отыр.