Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев Мақтаарал ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Аудан активіне аймақтың жаңа басшысын облыс әкімі А.Мырзахметов таныстырды.
Ж.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы болып бастаған.
1982-2011 жылдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, Жетісай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары Жетісай аудандық кеңесі ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2011 жылдың шілде айынан бастап Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі болып еңбек етіп келген.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі