ТЖД қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті

261
ТЖД қызметкерлері

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қарағандылық ағайынға көмек қолын созып келісімен тыныққан жоқ. Олар спорттық сайыстар өткізіп, шынығып жатыр. Мұндағы мақсаты – құтқарушылар ыстық мен суыққа төзімді болуы тиіс.

Денсаулыққа тигізер әсері мол жарыста ұлттық ойындармен қатар жұдырықтасу сынды сайыстар өткізілді. Айта кетейік, бүгінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінде құтқару қызметі бөлімін қоса есептегенде 2000-нан астам адам жұмыс жасайды.

ТЖД қызметкерлері
ТЖД қызметкерлері

кіртасының салмағы - 10 келі

8085

8084

8083

Нұрболат Дербісов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: «Әрине, біздің жігіттердің жұмысы әрдайым үлкен талапты, үлкен қажырды қажет етеді. Сондықтан олардың көбіне демалуға да уақыты тапшы. Мұндағы айтпағым – біз таяуда орын алған түрлі жағдайларға байланысты Наурыз мерекесін тойлай алмадық. Бүгін төл мерекемізбен қатар 1 мамыр – Бірлік күнін ерекше атап өтудеміз. Барша оңтүстікқазақстандықтарға тілерім – тек жақсылық, денсаулық! Бірлігіміз жарасып, әрдайым биіктерді бағындырайық!»