23-маусым – мемлекеттік қызметкерлер күні

747

23-маусым – мемлекеттік қызметкерлер күні. Осыған орай «Отанға қызмет ету-абырой» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Сала мамандары шара аясында мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастырып, кәсіби деңгейін жоғарылату жолдарын қарастырды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жүйелік талқыланып, құрылым қызметкерлерінің этикалық мінез-құлқы сөз болды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң да жиналғандардың талқы-таразысына түсті. Мамандар заң қызмет сапасын көтеруге, қызметкерлердің кәсіби біліктігін арттыруға мүмкіндік береді деп отыр.

Берік Бекжанов, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ОҚО департаментінің басшысы: «Жаңа заңда мамандардың біліктілігін арттырудың кешенді жүйесі қарастырылған. Онымен қоса бонустық жүйе бар. Мемлекеттік қызметкердің жалақысы оның еткен қызметіне қарай төленеді. Бұл өз кезегінде қызметтің сапасын жолға қояды.»