Оңтүстікте «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары- рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

406
Оңтүстікте

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары- рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиналған қауым бүгінде жоғары оқу орындарына үлкен міндет жүктеліп отырғанын атап өтті.

Пікір алмасу барысында ой өрісі кең, білікті мамандарды дайындауда рухани құндылықтарға да аса көңіл бөлінуі қажет десті зиялылар. Жастардың туған жерінің өркендеуіне қосар үлесін айқындауда аға буын өкілдері дұрыс бағыт-бағдар көрсетуі тиіс.

Сонда алынбайтын қамал жоқ деген ой айтылды конферецияда. Ең бастысы, студент-жастар бар мүмкіндікті пайдаланып, әлемдік деңгейдегі білім  алуға тырысуы керек.