Оңтүстікте 7 мыңнан асқан жас кәсіпкер тіркелген

224

Кәсіпкерлікке бет бұрған жастар көбейіп келеді. Бүгінде облыста жас кәсіпкерлер саны 7 мыңнан асқан. Бұл туралы облыстық жастар орталығының басшысы 5 айлық жұмысын қортындылаған есептік жиында мәлімдеді.

Ерлан Айтбаевтың сөзінше, өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Тірлігін дөңгелеткісі келген он жасқа 2,2 млн теңге көлемінде несиеге берілген. 7 жарым мыңнан аса адам жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келсе, бүгінде соның мыңға жуығы тұрақты жұмыс тапқан. Осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыздан 2,7 пайызға азайып отыр.

Ерлан Айтбаев, облыстық жастар орталығының басшысы: «Жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органдар 2714 адамды қоғамдық жұмыстарға жіберсе, оның ішінде 948 жас бар. Әлеуметтік жұмыс орындарына 827 азамат жолданса, оның ішінде 293-і – жастар.»