Облыста жыл басынан бері 14 адам суға кеткен

219

Күнгейде жыл басынан бері 14 адам суға батқан. Оның сегізі – кәмелет жасына толмаған балалар.

Бұл туралы облыстағы суаттардың қауіпсіздігін қамтамассыз еуге бағытталған іс шаралары пысықтаған төтенше жағдайлар департаментінің жиынында мәлім болды. Сала мамандары суға кету оқиғаларының көбіне құтқарушылар бақыламайтын су айдындарында орын алғанын айтады.

Айта кетейік, облыс аумағында 41 су айдыны болса, оның 31-і – су қоймасы, қалғаны – көлдер. Аталған су айдындарының төртеуі ғана судан құтқару қызметінің құтқарушыларымен бақыланса, қалған 37 су айдынында ешқандай бақылау жүргізілмейді. Онымен қоса төтенше жағдай қызметкерлері суға кету оқиғаларының да бірқатар себептерін анықтап отыр

Ерғали Бақаев, ОҚО ТЖД бөлім басшысы: «Ата-аналарының балаларды қараусыз қалдыруы, жүзу құралдарын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамау және балық аулау кезіндегі ережелердің бұзуы, мас халде суға түсу қайғылы жағдайларға себеп болып отыр.»