Созаққа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастар жиналды

221

Созақ ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Оңтүстік тарихынан сыр» атты республикалық пікірсайыс ұйымдастырылды. Оған еліміздің бірнеше аймағынан елуге жуық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Аудандық жастар оталығының жүлдесі үшін өткізілген жарыс Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Оған еліміздің Астана, Алматы, Павлодар қалалары мен Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ең үздік пікірсайысшылары қатысып, өте тартысты бәсекенің себепкері болды. Үш күнге созылған алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

Серік Маманов, Созақ аудандық «Жастар орталығының» директоры: «Қазақ хандығының 550 жыл бұрын құрылғанын жастар қалай ұғынады? Пікірсайысшылар осыны қалай зерттеп келеді Осы мәселелер көтерілді. Бұл жерде 7 қарар ұсынылып отыр. Оның 5 қарары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Ал қалған екеуі Созақ өңірі жайлы айтылады. Дәйектерге сүйеніп, осындай шара өткізуге тоқталдық. Дәстүрлі етіп өткізуге ниеттеніп отырмыз. Жалпы жүлде қоры 550 мың теңге. Бірінші орынға «Айфон» телефены болса, қалған орындарға да сол деңгейлес сыйлықтар тігіп отырмыз.»

Жиырма команда, елуге жуық жас жиналған сайыс американдық-парламенттік, Линкольн-Дуглас форматтарында жүргізілді.  Сөз бәйгесінде Қазақстан парламентіндегі жастардың үлесін 30%-ға көтеру, отбасы институтын дамытудың тиімді бағдарламасы және облыстағы жасалынып жатқан оңды істер өзекті 8 қарарға арқау болды.

28 кубоктың иегері Бекарыстан Аманжол Созақ жерінде осындай сайыстың өтетінін естігенде қатты толқығанын айтады. Бұған дейін сөз салымында ешкімге дес бермеген ол қасиетті жерде өткен сайыс өзге сайыстардан ерекше болды дейді.

Финалдық ойын кезінде Созақ қаласы ең белді қалалардың бірі деген қарар бойынша қызу әрі тартысты өтті. Пікірсайысшылар Созақ тарихын жоғары деңгейде сөйлетті. Сөз бәйгесінің нағыз қызған кезі осы финалда болды. Жарыс қорытындысында «Яксар» фракциясы ІІІ орынға ие болды. ІІ орын «Ноғай мен Адай» фракциясына бұйырса, финалда керемет ойын өрнегін көрсете алған «Хан» фракциясы жүзден жүйрік шығып, сайыстың жеңімпазы атанды.

Ал «Ең үздік спикер», «Үздік төреші» аталымына қол жеткізген жеңімпаздар да анықталып, жастар орталығының атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Үш күнге созылған сайыс қатысушылар құрамы мен ойындар сапасы жөнінен жоғары деңгейде болған турнирлердің бірі ретінде бағаланды.