«Travelsystem» туристік компаниясына байланысты арнайы штаб құрылды

122
22 Mar 2002 --- World traveler --- Image by © Matthias Kulka/CORBIS

Атышулы «Travelsystem» туристік компаниясының өз жұмысын тоқтатуына байланысты біздің облысымызда да нақты шаралар қолға алына бастады. Қазір облыста арнайы штаб құрылып, «шұғыл желі» іске қосылды.

Жергілікті туристік мекемемен шет мемлекеттерге аттанған саяхатшылар, компанияның туристік пакетін сатып алған жергілікті азаматтар осы желіге хабарласып, мәселесін айтуына болады. Штаб мүшелері, сондай-ақ, саяхатшыларды елге жеткізу бойынша тиісті шараларға кіріссе, «Скат» әуе компаниясы өз ұшағымен ұшқан жерлестерімізді елге жеткізуге дайын екенін айтып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KjbjAq5ABaI[/youtube]

Демалыстың дегбірін қашырған «Трэвэлсистем» компаниясының тур-пакетімен бүгінде Түркия елінде 71 жерлесіміз аттанған. Қазір олардың 17-сі қазір елге қайтты. 50 шақты саяхатшы әлі Анадолы елінде демалуда.

Қазір әуе компаниялары 24 саяхатшыны елге жеткізу туралы келісімге келді. Осы ретте «СКАТ» әуе компаниясы өз рейсіндегі барлық жолаушыны ешқандай қосымша ақысыз елге жеткізуге уәде беріп отыр.

Дәл қазір «Тревелсистем» компаниясының өкілдері туристік ұйымдармен бірге саяхатқа шыққан демалушылардың санын анықтауға кірісті. Айта кетейік, турагенттіктерге шетелге демалуға кеткен тағы 7 жерлесімізді елге жеткізіп беру тапсырылып отыр.

Қазір шұғыл желі іске қосылғалы шетелдердегі саяхатшылардан күн сайын қоңыраулар түсіп жатыр. Желідегі мамандар демалушылардан әзірге компанияның жұмысына қатысты ешқандай шағым түспеді деп сендіріп отыр. Дегенмен, мекеменің турпакетін сатып алған жергілікті тұрғын не қонақ үйдегі жатын орынның не әуе билетінің брондалмағанын айтып хабарласқан.

Айта кетейік, облыста 100-ден астам туристік ұйым тақырға отырған «Трэвэлсистем» компаниясымен жұмыс істеген. Шұғыл топ қазір туристік компанияның пакетін сатып алған 88 саяхатшынының тізімін жасап отыр. Ал турагенттер саяхатшылардың туристік қызметтерге ақысы төленген не төленбегенін анықтауға кірісті.