Өзіміздің өнімді таңдайық!

Фото: //24.kz

«Қазақстанда жасалған»деп жазылған белгілердің қала дүкендеріндегі сөрелерге қойылғанына көп бола қоймады. Дегенмен жерлестеріміздің өз тауар өндірушілерімізді қолдайтын кезі жетті. Оған қоса таңдау көп, сапа жоғары. Дүкендерде азық-түліктен бастап тұрмыстық заттардың сан түрін табасыз.

Жергілікті өнімді таңдаушылар отандық өндірісті қолдаумен қатар ел экономикасының дамуына өз үлесін қосады. «Қазақстанда жасалған» акциясының негізгі бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өнімдері сауда дүкендерінің алдыңғы сөрелерінен орын тебуі керегін айтты.

Бейбарыс Сарыбаев – велошабандоздар қоғамының белсендісі. Оның таңдауы – тек отандық өнім. Спорт жанашыры пайдаланылатын тағам, киім, тіпті, серігі «Номад» велосипеді де өз елімізде жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанушы азамат ыңғайлы көлігімен жылына 500 шақырым қашықтықты бағындырыпты. Ал велосипеді әлі жаңа күйінде.

Отандық өндірісті дамыту жұмыссыз жүрген жандарға екі қолға бір күрек болары анық. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға біршама сеп болады. Сондықтан өңірде тек тамақ өндірісін ғана емес, автокөлік индустриясын, киім мен аяқ киім және жиһаз жасау сынды түрлі салаларды дамытуға ден қойылуда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hLyvfVJqSFc[/youtube]

Ауыз толтырып айтар жетістігіміз мұнымен шектелмейді. Өйткені елімізде теміржол рельстері мен жүрдек пойызға арналған бөлшектерді шығару ісі қарқынды жүріп жатыр. Қазақстандық зауыттың Орта Азияда жалғыз екенін де біле жүріңіз. Ал жергілікті тауар өндірушілерге келсек, облысымыз тоқыма өндірісі, зауыттың өндірістік кәсіпорны жөнінен өзгелерден ілгері.

«Отырар» медиахолдингі де «Қазақстанда жасалған» акциясына өз үлесін қосуда. Егер сіз өндірген тауардың танымал әрі сұранысқа сай болуын қаласаңыз, өз арнаңыз «Отырарға» келіңіз. Бөлім қызметкерлері өніміңізді жарнамалау үшін тиімді ұсыныстар жасайды. Немесе арнамыз ұйымдастырып отырған арнайы «Өзіміздің өнім» жобасына қатыса аласыз.