№12 мектептің құрылысы екі аптадан кейін аяқталады

272

Қаланың қақ ортасындағы №12 мектептің құрылысы бітуге шақ қалды. Мердігер компания кеткен кемшіліктерін түзеп жатыр. Енді бір аптада барлық жұмыстар толығымен аяқталады.

Айта өтейік, білім ордасының жаңа корпусын тұрғызу былтыр маусым айында басталған. Нысанның құрылысын «Арт проект» мердігер компаниясы жүргізген. Ғимаратты тұрғызып, құрал-жабдықтарын орнатып қойыпты. Тек сыртқы спорт алаңының жұмыстары қолбайлау болған.

Десе де жоспар бойынша нысанның құрылысы 20 шілдеде аяқталып, 20 тамызда мемлекеттік қабылдаудан өтуі тиіс.

Әлімхан Сағындықов, «АРТ проект» серіктестігінің өкілі: «Біз бір аптаның ішінде бітеміз. Спорт алаңшасы бізде сметада болмаған. Десе де істеп жатырмыз. Бұл кемшілікке жатпайды, тек өтініштері орындап жатырмыз. Енді құрылыс болған соң кететін кемшіліктер болады.»