Атхамбек Юлдашев: «10 жылдан бері ауыз бекітпеймін, ауызашар беремін»

571
Атхамбек Юлдашев

Әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Атхамбек Юлдашев жомарттық танытуын жалғастырды. Өнер иесі қаламыздағы беделді мейрамханалардың бірінде жерлестерімізге арнап дастархан жайып, ауызашар өткізді.

8240

Шарапаты мол шараға халық қалаулылары мен өнер жұлдыздары және қала тұрғындары шақырылған. Мың айдан да қайырлы Рамазанды асыға күткен жамағат алдымен арқа-жарқа сәлем-сауқат сұрасып, соңынан Атхамбек Юлдашевтың керемет кешінің куәгері болды. Әнші ұлт көшбасшысы мен туған еліне арнаған әнін паш етті.

Атхамбек Юлдашев
Атхамбек Юлдашев

Атхамбек Юлдашев: «Он жылдан бері белгілі себептермен ауыз бекіте алмай жүрмін, сондықтан жыл сайын осылай ауызашар беріп, сауап жинаймын. Мен ғана емес, Қазақстан және Өзбекстанның көптеген әртістері осылай жасайды. Бүгін де біз өзіміздің жаңа әндерімізді жұртшылыққа ұсынып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатымыз деп білемін».

8241

Ауызашар соңында Қазақстан және Өзбекстанның эстарда жұлдыздары әндерін орындап, көпшілікке ерекше мерекелік әсер сыйлады. Айта кетейік, әнші, сазгер Атхамбек Юлдашев қолға алған қайырлы шараға 1000-ға жуық жамағат қатысты.