Мамандар қырым қанды қызбасына байланысты дабыл қағады

658
Фото: //24.kz

Оңтүстікте қырым қанды қызбасына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Күніне қырыққа жуық тұрғынды кене шағады екен. Биыл конго-қырым қызбасын жұқтырған алты адам тіркелген.

Сол науқастың екеуі дүние салды. Осыны ескерген Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Оңтүстікке арнайы келді. Көмек көрсету мақсатында облыста атқарылып жатқан жұмыстарды талдап, мәселенің шешімін іздеді.

004

Санитар-эпидемиологтар дабыл қағады. Айтуларынша, күнгейде күніне қырыққа жуық адамды кене шағады. Ал зертханада сынамадан өткен 350 жәндіктің 89-ынан безгек табылған. Мамандар өңірімізде кененің 20 түрін тапқан. Оларды жою мақсатында жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Алайда кенеден жұғатын дерт көбеймесе, азаймаған.

Оңтүстік кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 489 млн теңге бөлген. Қомақты қаржыға өңірдегі 103 елдімекендегі төрт түлік пен қора-қопсы тазаланды.

Полатбай Тастанов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «Ветеринариялық мекеме тарапынан 846 елдімекенге, 2,8 мың шаршы шақырым буферлік аймақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 5 млн бастан астам малға кенеден залалсыздандыру жасалды.»

Кененің таралуына қыстың жылы, көктемнің жауынды болуы негіз болды дейді кеңейтілген жиынға қатысқан мамандар. Малдың жекеменшік иелерінде болуы да жағдайды күрделендіруде. Ұсақ және ірі қара малды егуде жүйелік болмаса, жұмсалған қаржы желге ұшатыны айтылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iHUa4DV1n6M[/youtube]

Жандарбек Бекшин, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері: «Халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет. Дәрігерлер де мұқият болуы тиіс.»

Бас санитар дәрігердің айтуынша, кене шаққан адам тез арада медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Жайбасарлыққа салынғанның соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды. Алайда жыл басынан бері тіркелген оқиғалар көрсетіп отырғандай, улы жәндік шаққан жандар дәрігерге үш-төрт күн кешігіп жеткен.

Шынар Оразова