Ол нағыз Азамат еді…

699

Қазақтың тарих ғылымы ауыр қазаға душар болды. 77 жасқа қараған шағында тарих ғылымдарының докторы, профессор, полковник, кадрдағы офицер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнуар Исмаилов өмірден озды.

003

Зиялы тұлға, ғылым мен әскери қызметті бірге алып жүруге бар күш-қайратын салған, осы салаларда ондаған шәкірттер даярлай алған жоғары оқу орнының үздік оқытушысын ақтық сапарға шығарып салу жиынын Әуезов атындағы ОҚМУ-нің басшылығы ұйымдастырды. Қаралы митингке марқұмның отбасы, туыстары, қызметтес болған азаматтар, үзеңгілестері мен қоғамдық ұйым белсенділері көп жиналды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qVE_0zryLUs[/youtube]

Ғұмырының барлығын білім мен ғылыми ізденіске, оны өзінен кейінгілерге үйретуге арнаған, ғылыми монографиялар, 100-ден астам мақалалардың авторы, өз ортасында абыройлы, жан дүниесі таза Азаматпен қоштасуға келгендер марқұмның бойындағы асыл қасиеттерін айтып тауыса алмады.

Әнуар Исмаиловтың денесі өзі туып-өскен Сарыағаш ауданында қойылды.