Республикалық конференцияға дайындық басталды

588
Діни конференция 3 тақырыпты қамтиды

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» ұйымдастырып отырған «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуіне дайындық жүруде. 2015 жылдың 14-15 тамызы күндері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай іс-шараның дайындығымен Нұржан Арыстанбекұлы таныстырып өтті.

Діни конференция 3 тақырыпты қамтиды
Діни конференция 3 тақырыпты қамтиды

Конференцияға қатысуға мемлекеттік және аймақтық басқару, облыстардағы дін істері басқармалары және «Оңалту орталықтары», ғылыми мекемелер өкілдері, ЖОО-ның дінтанушы оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференция жұмысы «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» тақырыбымен пленарлық мәжіліспен ашылып, «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі», «Қазақ хандығы тұсында діннің маңыздылығы» және «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұғымының ұстанымы» тақырыптарындағы секциялық отырыстарымен жалғасын табады. Сонымен қатар конференцияның қорытынды отырысында секциялық жұмыстар қорытындыланып, конференция үндеуі қабылданады.

Бұл конференция Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отырғандықтан, келген қонақтарға Оңтүстік өңіріміздегі Қазақ хандығында өзіндік айрықша орыны бар қасиетті Түркістан қаласы мен Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенелеріне арнайы зиярат ету экскурсиясы да ұйымдастыру жоспарлануда.

Конференцияға қатысу үшін талап етілген құжаттар жиынтығының қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру керек немесе csi_uko_kz@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады.

Баяндамашылар2015 жылдың 25 шілдесіне дейін конференцияға қатысуы жайлы мәліметті csi_uko_kz@mail.ru электрондық поштасына жіберуі немесе +7(725)239-42-56, 36-54-47 хабарлауы міндетті. Мақала жариялау – тегін.