«Шымкент цемент» кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі пысықталды

475

Құрылысты тез әрі сапалы, қауіпсіз жүргізуге болады. «Шымкент цемент» кәсіпорнында жиналған сарапшы мамандар құрылыс саласы қауіпті деген түсінікті жоққа шығарады. Мекеменің модернизациялық даму жобасының нәтижесінде мыңдаған адам қауіпсіз жағдайда алаңсыз жұмыс істеп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=30YzZLDEbVw[/youtube]

Инвестиция көлемі 100 млн долларды құрайтын, жаңа құрғақ желі құрылысы былтыр сәуір айында басталған болатын. Жобаның бас мердігері – қытайдың «Чайна триумф интернэшнл инжиниринг» компаниясы. Күн сайын жұмысқа 450 адам жұмылдырылады. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігіне қатысты арнайы бағдарлама бар. Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтитын бағдарламаның орындалуын «Италчементигрупп» компаниясының 7 маманы, мердігер компанияның 3 маманы қадағалайды.

Облыстық ңңбек инспекциясының бас инспекторы «Шымкентцемент» АҚ-ның бұл бағыттағы жұмыстарын үлгі етті. Мұндай нәтижелерге қытайлық компаниямен әріптестік байланыспен қол жетіп отыр.