Шымкентте Құран оқудан жарыс өтті

924

Құран жаттау- ең қасиетті амал. Шымкентте жас қарилер арасында Құран оқудан жарыс өтті. Облыстық орталық мешіттің ұйымдастырумен өткізілген сайыста қырық жасөспірім бақ сынады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Tpivwfqx8nc[/youtube]

Олардың барлығы өздерінің қала-аудандарында 30 пара Құран оқып, қасиетті кітаптың сүрелерін жатқа айтып жеңіске жеткендер. Ақтық сында білгенінен жаңылмаса, бағалы сыйлыққа ие болады.

vlcsnap-2015-07-13-14h38m39s17

Айта өтейік, жас қарилердің байқауы біздің өңірде жиі ұйымдастырылып тұрады. Оған 7 мен 15 жасар еткіншектер қатыстырылады. Мұндағы мақсат – жас буынды имандылыққа тәрбиелеу.

Мұхамеджан Естеміров, облыстық мешіттің наиб-имамы: «Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде Құран жаттаған адамға қияметте тәж кигізіледі деп айтылған. Сондықтан да мәртебесі биік. Құран тек қана өлім-жітімде оқылмайды. Ол – сіз бен біздің өмір сүру ережеміз. Құранда ғылым да бар. Құранда барлық сала қамтылған.»