Түлкібаста алма бағын молайту қолға алынған

348

«Оңтүстік» ақпарат орталығында Түлкібас ауданының әкімі Қ.Әбдуәлиев ауданның бес айда атқарылған жұмыстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Аудан әкімінің мәліметінше, ауданның жалпы өнімінің көлемі 5 айдың қорытындысымен 11 млрд 644 млн теңгені құрап отыр. Ал кәсіпорындар 6 млрд 108 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш – өткен жылмен салыстырғанда 108 пайызға артық.

013

Жалпы ауданда 7332 шағын және орта бизнес өкілдері тіркелген болса, олардан бюджетке 97 млн 900 мың теңге салық түсіпті. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 41 жобаға «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 104 млн теңге жеңілдетілген несие берілді.

Аудан басшысының мәліметінше, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5 млрд 536 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 102,8 пайызды құрап отыр. Мал шаруашылығы саласы бойынша ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша 7,2 мың тонна ет, 21,6 мың тонна сүт, 7,4 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Сонымен қатар, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 400 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 153 бас жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 281 бас ірі қара мал алып, аталған бағдарламаларда берілген жоспарды артығымен орындап отырмыз деді Қ.Әбдуәлиев.

‒ Түлкібас ауданы – алма бау егуге қолайлы өңір. Осы пайдалана отырып, ауданда алма бауын дамытуды қолға алынуда. Бүгінгі таңда барлық жеміс ағашы егілген жердің көлемі 2791 гектарды құраса, алма егуге ниет білдірген азаматтарға қосымша 353 га жер берілді. Мичурин ауылдық округіне қарасты «Мөлдір» ЖШС Түркияның «Яула Филис» компаниясымен бірлесіп, 110 га жер учаскесіне интенсивті бау отырғызуда. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын тауып, интенсивті бау көлемі 400-500 гектарға жеткізілмек. Сонымен бірге бұл серіктестік жоғары сапалы (вируссыз) көшет өндіретін тәлімбақ ашты. Күзден бастап 250 мың алма көшеті сатылымға шығарылады, ‒ деді аудан әкімі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі