Түлкібаста түйеқұс өсірілуде

1170

Тропикалық аймақта өсетін түйеқұстар енді Оңтүстіктің Түлкібас ауданында өсіріле бастады. Африка құрлығынан жеткізілген ірі құсты ауданға «Нұрлыхан» шаруашылығының мамандары алып келді.

003

Кәсіпкер өнімі жақсы сұранысқа ие түйеқұстың бес жұбын Алматы қаласындағы шаруашылықтан сатып алған. Бұл құстардың бойы 2-3 метрге жетеді. Аталығының салмағы 100-150 келіге дейін жетсе, оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді екен. Оны аяқ киімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдаланады. Сондай-ақ, сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен жүгіре алатын түйеқұс құс атаулының ішіндегі ең жылдамы.

Еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін мың да бір ем. Сондықтан түйеқұсқа қызығушылық уақыт өткен сайын артуда деген кәсіпкер алдағы уақытта тағы да бірнеше түйеқұс әкеліп, шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Нұрлыхан» шаруашылығы алма бауы мен балық шаруашылығын дамытса, алдағы күні сиыр тұқымдас қодас жануарын бағуды көздеп отыр.

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі