«Алтын адам» фабрикасында мектеп формасы тігіледі

1196

Оңтүстікте шығатын өнімнің дені Ақсукентте. Осы ауылда мектепке арналған киім тігу өндірісін дамытумен қатар әйелдер киімін тігу фабрикасын ашу да жоспарланып отыр. Ал осыдан бір жыл бұрын «Даму» баңдарламасы бойынша ерлерге арналған костюмдерді тігіп, саудаға шығарған фабриканың жүмысы бүгінде жемісті. «Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанныѕ өзге өңірлерінде танылып үлгерді.

010

Отандық өнімге сұраныс күн санап артуда. Оңтүстік өңірде осыдан бір жыл бұрын ашылған киім фабрикасының өнімдерін тұтынушылардың дені Астана мен Алматы қаласынан болып отыр. Тіпті мәжіліс депутаттары облысымыздан шығатын ерлерге арналған костюмдердің сапасы мен бағасын өзгелерге бірнеше рет үлгі қылып көрсетті.

Балжан Халмуратова, «Golden Nomad» ЖШС директорының орынбасары: «Біздің киім фабрикамыз 2013 жылы өз жұмысын бастады. Әкімдіктен көмек болды. «Даму» бағдарламасы бойынша 110 млн теңге несие алып, дәл осындай көлемде өз қаржымызды салдық. Күніне цехта 350-400 костюм тігіледі. Әзірге сауда айналым тек Қазақстан аумағында ғана. Басты мақсатымыз- жергілікті тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз ету. Енді жаңа оқу жылы барысында мектеп оқушыларына арналған бірыңғай форманы тігуді қолға алып отырмыз. Ал қыркүйек айынан бастап әйелдерге арналған киім шығару жоспары бар.»

Жоба «Бизнестік жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Тауар өндірушілер алдымен Түркия, Жапония және Қытай елінен замануи құрал-жабдықтар сатып әкелген. Фабрика жетекшілері отандық өнімдердің өзге де танымал сауды брендтерінен кем түспейтінін айтып сендіруде. Сапасы талғамға сай, бағасы қалтаңызға тиімді, жекелей алсаңыз небары 15 мың теңге тұрады.

Балжан Халмуратова: «Сұраныс көп, соған орай компания тауар санын да молайтуды қолға алуда. Тағы 300-400 адамды жұмыспен қамту ойымызда бар. Әзірге Сайрам ауданындағы мектептермен бірге келісім-шарт түздік. Сарыағаш және Төлеби ауданындағы оқушыларды мектеп формаларымен қамтамасыз ететін болдық.»

Қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие беріп отырған мемлекетке дән ризамыз. Алайда өндірісті бір жолға қойып алсақ, сату мәселесі жолымызды көлдеңнен кес-кестеп отыр дейді кәсіпкерлер. Сонымен қатар тігін фабрикасының өкілдері ішкі нарықта да қорған болып, Қытайдан әкелінетін киімге қажетті қосымша заттар қолжетімті болса екен дейді.