Батыс Европа – Батыс Қытай жолының Шымкент-Жамбыл облысындағы құрылысы кешігуде

397
Ұласбек Сәдібеков

Батыс Европа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Шымкент-Жамбыл облысы бағытының құрылысы кестеден кешіктіріліп жатыр. Сондықтан нысан мерзімінен кеш тапсырылуы мүмкін. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтің Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім болды.

Ұласбек Сәдібеков
Ұласбек Сәдібеков

2013 – 2014 жылдар аралағында 18 шақырым жерге асфальт-бетон төселген. Мердігер компания қыркүйек айында тағы 40,2 шақырым жолдың құрылысын аяқтап, тапсыруы тиіс болатын. Алайда, жол бойындағы жекеменшік жер телімдерін кеш сатып алу құрылыс барысына кедергі келтірген. Соның салдарынан жұмысшылар жоспардағы межені еңсере алмай, техникаларды іске қосу да қиындық туғызған.

Ал жергілікті билік өкілдері жекеменшік нысандарды сатып алу мәселесі бүгінде оң шешілді. Қазір мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылуы тиіс жер телімдеріне қатысты сот үкімі шыққан дейді.

Қалай дегенмен, туындаған кедергілерге орай нысан мерзімінен 2 айға кешіктіріліп тарсырылады. Мердігер компания өкілдері жыл аяғына діттелген 40 шақырым жолдың құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыруға уәде берді.

Ал көпбалалы ана Айқан Құрманқұлованың жанайқайына билік өкілдері әлі де құлақ аса қоймаған секілді. Жол бойында орналасқан екі бірдей үйіне тиісті төлем ала алмай жүрген кейуананың еңірегенде етегі жасқа толады.

Қатар орналасқан қос үйдің бірі – көп балалы ана Айқан Құрманқұлованікі, бірі – қызынікі. Кейуананың айтуынша, үш жылдан бері баспаналар дұрыс бағаланбай келеді. Соған қарамастан сот үкімімен үйлер сүріліп, жер мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылуы тиіс. Ал көпбалалы ана үйлердің орнына берілген 25 гектар жер теліміне баспана салуға шамам келмейді деп кейиді.

Дегенмен, 3 жылға ұласқан бұл жуырда сот соңғы нүктесін қойыпты. Тұрғындардың наразылыған қарамастан енді үйлер сүріліп, жер мәжбүрлеп тартып алынады.

Айта кетейік, Шымкент-Жамбыл облысы бағытының бір бөлігі Сайрам ауданын қиып өтеді. Халықаралық дәліз жүретін аумақта тағы түйткілді бес нысан бар. Алайда жауаптылар жекенің меншігіндегі бұл нысандарды сатып алу туралы келсісөздердің жүргізілгенін айтып сендіреді.