Мақтааралда қызға қол көтерген екі жігіт ұсталды

330

Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жас қызды соққыға жықты деген күдікпен екі азаматты құрықтады. Жуырда әлеуметтік желілерде жас қызды соққыға жыққан жігіттің әрекеті түсірілген таралып кетті.

Бұл оқиға 2015 жылдың 28 шілдесі күні Мақтаарал ауданында Жетісай қаласында болғаны анықталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдікті азаматтардың кім екенін анықтап, ұстап отыр.

006

Аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне 21 жасар жергілікті тұрғын арызданады. Азаматша өз шағымында Жетісай қаласының көшелерінің бірінде белгісіз екі адам өзін ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын айтқан.

Мақтаарал АІІБ-ның қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Жетісай қаласының 35 жастағы екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Олар өздерінің кінәларын толық мойындап отыр. Оның үстіне, аталған оқиғаны куәгер ұялы телефонына түсіріп алған. Осы жазба айғақты зат ретінде танылып отыр.

Қазір осы жәйт бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.