Шардарадағы банк тонау қылмысына қатысты іс жалғасуда. Таяуда апелляциялық соттың кезекті отырысы өтті. Айыпталушылардың туыстары мемлекеттік айыптаушы прокурорға қарсылық көрсетіп, ауыстыруын сұранған. Дегенмен, судья ол шағымды қанағаттандырмады.
Сол кезде айыпталушылардың қоғамдық қорғаушылары істі қараушы судья мен хатшыға деген қарсылықтарын білдірді. Үзілістен соң отырысты облыстық соттың апелляциялық алқасының төрағасының өзі шығып, қаулыны оқыды.
Бұдан кейін отырысты жалғастырған судья Талғат Оңғарбаев келесі сот отырысын 13 тамызға қалдырып, үзіліс жариялады.