Шымкентте жаңартылған көп қабатты үйлер қаланын сәнін келтіруде. Алдияров көшесіндегі 1958 жылы тұрғызылған 10 пәтерлі тұрғын үй де биыл мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөнделді. Тұрғындар біткен іске дән риза.
Қос қабатты үйдің тұрғындары бүгін мәз-мейрам. Көршілер мерекелік дастархан басына жиналды. Тозығы жеткен тұрғын үй мемлекеттік жаңарту бағдарламасы аясында жөндеу көріп, су жаңа баспанаға айналып шыға келді.
Облыста мемлекеттік бағдарлама аясында жүзден астам үй жөндеуден өткен. Ал екі қабатты тұрғын үйді жөндеуге мемлекет қазынасынан 5 млн теңге бөлінген. Мердігерлер құрлысты 45 күн ішінде аяқтап, тапсырыпты.
Құрылыс барысын тұрғындар қалт жібермей қадағалап отырған.Үйдің шатыры ауыстырылып, подьез бен хасбеті жөнделіпті. Мердігер компания күнқағар мен кіре берісті өз есебінен жөндеп, сый жасаған.
Енді тұрғындар 15 жыл ішінде құрылыс шығынын өтейтін болады. Әр пәтер иесі 2 мың теңгеден 4 мың теңге аралығында төлем жасайды.