Шымкенттен Алматыға 7777 теңгеге ұшып баруға болады

Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны арзандады. Енді оңтүстік астанаға 7777 теңгеге ұшып баруға болады. «SKAT» әуе компаниясының бұл акциясы 16 тамызға дейін жалғаспақ. Яғни билетті алдын ала, 27 шілде мен 16 тамыз аралығында сатып алу керек.

Жасалған жеңілдікке 2015 жылдың 14 тамызынан бастап 2016 жылдың 26 наурызы аралығында сапар шегетін жолаушылар ие бола алады. Жеңілдетілген бағадағы билеттерге әуе кассалары мен арнайы портал арқылы қол жеткізу аласыз.

Виктория Ульянова, қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы: «Бұл шараны қысқы маусымға орай ұйымдастырып отырмыз. «SKAT» әуекомпаниясы демалысын алдын ала жоспарлап, 2-3 ай бұрын билетті сатып алушы жолаушылары үшін үлкен жеңілдік жасап отыр.»