Сырдарияға батқан жігіттің денесі табылды

605

Сырдарияға ағып кеткен жігіттің денесі табылды. Марқұмды іздеу жұмыстарын сүңгуір-құтқарушылар 23 тамыздан бері жалғастырып келген еді. 26 тамыз күні жігіттің денесі оқиға болған жерден 50 шақырым жерден табылып, шығарылды.

007

Еске сала кетейік, 23 тамыз күні сағат 15:10-да құтқарушыларға Сырдарияға 23 жастағы жігіттің батып кеткені жайлы суыт хабар түскен. Қайғылы жағдай Қожатоғай ауылы маңында, сағат 14:45-те болыпты. Сағат 19:30-да жігіттің денесін іздеуге 6 адамнан тұратын құтқару тобы аттанды…