Оңтүстікте «Денсаулық» фестивалі өтті

452
Тіс дәрігері. Тексеру
Тіс дәрігерлеріне жұмыс көп болды

Облыста осымен 14-рет «Денсаулық» фестивалі өткізілді. Салауатты өмір салтын ту еткендер бұл жолы да белсенділік танытты. Шымкенттегі барлық денсаулық сақтау мекемелерінің жас мамандары флешмоб ұйымдастырса, білікті дәрігерлер қала тұрғындарының денсаулығын тегін тексерді.

Жас дәрігерлер. Флэшмоб.
Жастар флэшмобқа жиналды

 

Әл Фараби алаңына жиналған жұртшылық қан қысымын, оның құрамын тексертіп қана қоймай, кардиолог, неврапотолог мамандарының кеңесін алды. Сондай-ақ, бүйрек, жүректерін арнайы құрылғылар арқылы тексертіп жатты. Ал қан орталығының мамандары бір емес, бірнеше донор болатын азаматтарды тапты.

Тіс дәрігері. Тексеру
Тіс дәрігерлеріне жұмыс көп болды
Дәрігерлер. Тегін қабылдау
Дәрігерлердің қабылдауына көп адам жиналды

Фестиваль аясында еңбектеген баладан бастап еңкейген қартқа дейін тегін медициналық тексеруден өтті. Жергілікті фармацевт компаниялар өз өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. «Зерде», «Химфарм» кәсіпорындары келушілерге арнап, ұтыс ойындарын ұйымдастырды.