Отырарлықтар отбасы мерекесін тойлады

Сайысқа қатысушылар ән айтудан сынға түсуде

Отырарлықтар отбасы күнін тойлады. Бұл күні «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттері және «Отырар» медиахолдингі ұжымын түрлі тосынсыйлар күтіп тұрды. 12 отбасы мүшелері өзара сайыстарға қатысып, ең үздік атану үшін бақ сынасты.

Сайысқа қатысушылар ән айтудан сынға түсуде
Сайысқа қатысушылар ән айтудан сынға түсуде

Сайыс ұйымдастырушылары ең жылдам әрі епті әкені анықтауға тырысса, аналар үстел хоккейінде сынға түсті. Ал кішкентай бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, бірлігі жарасқан жанұя мүшелерін бейнелеп, сурет салудан жарысты.

Қонақтарды қарсы алу сәті
Қонақтарды қарсы алу сәті
Ахметовтар отбасы
Ахметовтар отбасы
Балақайлар аналарына тақпақ айтып беруде
Балақайлар аналарына тақпақ айтып беруде
Ата-аналар ұл-қыздарына қолдау көрсетуде
Ата-аналар ұл-қыздарына қолдау көрсетуде
Биші қыздар мерекенің сәнін аша түсті
Биші қыздар мерекенің сәнін аша түсті

Балақайлар балмұздақ пен тәттілерден дәм татып, арнайы алаңшаларда алаңсыз ойнады. Сайыс қорытындысы бойынша, үздік отбасы анықталып, жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау сәті
Жеңімпаздарды марапаттау сәті
Балалар сурет салудан жарысуда
Балалар сурет салудан жарысуда

Мерекелік сайыстың толық нұсқасын «Отырар» телеарнасынан алдағы күндері тамашалай аласыздар.